"Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/670-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 145 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 76 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Е. Дарменов
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

  Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 72/670-6с шешіміне қосымша
  Шымкент қаласы мәслихатының
2019 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 58/506-6с шешімімен бекітілген

Шымкент қаласының әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесі

Маршруттың
нөмірі

Қатынастар

1

10

"Нұртас" шағынауданы – "Сәуле" шағынауданы (276 орам)

2

12

"Жиделі" шағынауданы - "Теміржол вокзалы" аялдамасы

3

16

"№ 1 жол" – "195 орам"

4

21

"Құрсай" шағынауданы – "Айқап" шағынауданы

5

23

"Құртаев" көшесі – "№ 1 жол"

6

27

"Колос" аялдамасы - " Нұрсәт" шағынауданы

7

35

"Қазығұрт" шағынауданы – "11 шағынауданы" аялдамасы

8

45

"Достық" шағынауданы – "Теміржол вокзалы" аялдамасы

9

55

"Ыңтымақ" шағынауданы – "Орталық стадион" аялдамасы

10

70

"Кайнарбұлақ" (саяжай) шағынауданы - "Гиперхаус" аялдамасы

11

74

"Қорғасын зауыты" аялдамасы - "Солтүстік" аялдамасы

12

84

"Солтүстік" аялдамасы - "Ақбар" базары

13

92

"Нұрсәт" шағынауданы – "Жастар орталығы" аялдамасы

14

96

"Қазығұрт" шағынауданы (Талдыкөл) – "Агроферма" шағынауданы - "Азат" шағынауданы

15

103

"Самал" базары – "Солтүстік" аялдамасы

16

108

"Шымкент Сити" шағынауданы – "Күншығыс" шағынауданы

17

113

"Оңтүстік" шағынауданы – "Нұрсат" шағынауданы

18

133

"Алаш" базары – "Түркістан" көшесі

19

135

"Самал" шағынауданы – "Елшібек батыр" көшесі

20

138

"Тұрлан" шағынауданы (саяжай) – "Аэровокзал" аялдамасы (Мемлекеттік кірістер департаменті)

21

139

"Ақбар" базары – "Сайрам" шағынауданы

22

141

"Қазығұрт" шағынауданы (кірпіш зауыты) – "Мирас" шағынауданы

23

142

"Текесу" шағынауданы – "Ордабасы" алаңы

24

143

"Бадам-2" шағынауданы – "Радуга" дүкені" аялдамасы

25

144

"Теміржол вокзалы" аялдамасы – "Қырғы базар" – "Айнатас" шағынауданы, "Елтай" шағынауданы, "Жыланбұзған" шағынауданы

26

146

"Жаңаталап" шағынауданы, "Көкбұлақ" шағынауданы, "Алтын төбе" шағынауданы – "Nursultan Nazarbaev" даңғылы

27

147

"Нұртас" шағынауданы – "Ақжар" шағынауданы, "Ақтас" шағынауданы

28

148

"Шапырашты" шағынауданы – "Ақбар" базары

29

149

"Қайнарбұлақ" шағынауданы - "Асар 2" шағынауданы–Достық 2" шағынауданы – "Жеңіс" саябағы" аялдамасы

30

150

"Достық" шағынауданы – "Фосфор" ауруханасы" аялдамасы

31

152

"Алаш" базары – "Фосфор" ауруханасы" аялдамасы

32

158

"Самал" шағынауданы – "18 шағынауданы" аялдамасы– "Орталық емхана" аялдамасы (айналым бойынша)

33

171

"Бозарық" шағынауданы – "Тұран" шағынауданы– "Алаш" базары – "Теміржол вокзалы" аялдамасы

34

180

"Көкбұлақ" шағынауданы, "Жаңаталап" шағынауданы– "Алаш" базары

35

182

"Азат" шағынауданы – "Қорғасын" шағынауданы

36

191

"Самал 3" шағынауданы – "Жалын" шағынауданы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады