Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 151 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдеу өнімдері, медициналық бұйымдар қосымша тегін берілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдері күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Е. Дарменов
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

  Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 72/675-6с шешіміне 1-қосымша

Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін берілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/36-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді Шымкент қаласы мәслихатының 19.12.2023 № 12/102-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аурудың атауы

Дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың атауы (шығарылу нысаны)

Азаматтардың санаты

1.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Ацетилцистеин, көпіршитін таблеткалар 600 мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

2.

Будесонид, ингаляцияға арналған дозаланған суспензия 0,5 мг/мл

3.

Ұстамалы түнгі гемоглобинурия
(Маркиафавтар-Микели)

Экулизумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 10 мг/мл

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

4.

Гиперинсулинизм

Октреотид, инъекцияға арналған ерітінді, 0,1 мг/мл 1 мл

Динамикалық байқауда тұрған балалар

5.

Блефароспазм

Ботулинді токсин, бұлшықет ішіне және тер астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 500 ӘБ

Динамикалық байқауда тұрған адамдардың барлық санаттары

6.

Ағзалар мен тіндерді ауыстырып салудан кейінгі жағдайлар

Урсодезоксихолий қышқылы, капсулалар, 250 мг

Динамикалық байқауда тұрған адамдардың барлық санаттары

7.

Эверолимус, таблеткалар 0,25 мг

8.

Муковисцидоз

Ацетилцистеин, көпіршитін таблеткалар 200 мг

Динамикалық байқауда тұрған балалар

9.

Диеталық емдік тамақтануға арналған арнайы тамақ өнімі

10.

Диеталық емдік тамақтануға арналған гидролизденген ақуыз, сүт сарысуы негізіндегі қоспа

10-1.

Тиамфеникол глицинат ацетилцистеинат, инъекция мен ингаляция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

10-2.

Натрий хлориді ерітіндісі 7%, натрий гиалуронаты 0,1%, ингаляциялық енгізуге арналған стерильді ерітінді, 4 мл

11.

Ювенилдік идиопатикалық артрит

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/0,4 мл, 0,4 мл

Динамикалық байқауда тұрған балалар

12.

Тоцилизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 200 мг/10 мл, 10 мл

13.

Тоцилизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 80 мг/4 мл, 4 мл

14.

Тоцилизумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді 162 мг/0,9 мл, 0,9 мл

15.

Инфликсимаб, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 100 мг

16.

Голимумаб, инъекцияға арналған ерітінді 50 мг/0,5 мл, 0,5 мл

17.

Канакинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді 150 мг/мл

18.

Тромбоэмболиядан кейінгі созылмалы өкпелік гипертензия

Риоцигуат, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 2,5 мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

19.

Псориатикалық артропатиялар

Инфликсимаб, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 100 мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

20.

Амиотрофиялық бүйірлік беріштену

Рилузол, қабықпен қапталған таблеткалар 50 мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

21.

Целиакия

Нан пісіруге арналған глютенсіз ұн қоспасы

Динамикалық байқауда тұрған балалар

22.

Глютенсіз құрғақ таңғы ас

23.

Глютенсіз макарон өнімдері

24.

Глютенсіз печенье

25.

Глютенсіз вафли

26.

Арқа бұлшықеттік атрофиясы

Рисдиплам, ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 2 г

Динамикалық байқауда тұрған балалар

27.

Дюшенн/Беккер бұлшықет дистрофиясы

Этеплирсен, сұйылтудан кейін вена іші инфузиясына арналған инъекция 500 мг/10 мл (50 мг/мл)

Динамикалық байқауда тұрған балалар

28.

Этеплирсен, сұйылтудан кейін вена іші инфузиясына арналған инъекция 100 мг/2 мл (50 мг/мл)

29.

Голодирсен, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған ұнтақ 100 мг/2 мл

30.

Голодирсен, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған ұнтақ 500 мг/10 мл

31.

Крон ауруы, спецификалық емес ойық жара колиті

Диеталық емдік тамақтануға арналған тұтас ақуыз негізіндегі қоспа

Динамикалық байқауда тұрған балалар

32.

Буллалық эпидермолиз

Күмісі бар майланған таңғыш

Динамикалық байқауда тұрған балалар

33.

Фармпрепаратсыз таңғыш

34.

Ылғалды гигиеналық салфеткалар

35.

Стерильді таңғыш

36.

Абсорбциялайтын стерильді таңғыш

37.

Абсорбциялайтын таңғыш

38.

Бұласыр

39.

Гидротюль, гидроактивті майланған таңғыш

40.

Перуан бальзамы бар майланған таңғыш

41.

Стерильді майлықтар

42.

Бекітетін созылмалы бинт

43.

Бекітетін бинт

44.

Торлы құбырлы бинт

45.

Жұмсақ, стерильді емес мақталы бинт

46.

Хлорамфеникол негізіндегі стерильді таңғыш

47.

Диеталық емдік тамақтануға арналған арнайы тамақ өнімі

48.

Көмейдің стенозы

Будесонид, ингаляцияға арналған дозаланған суспензия 0,25 мг/мл

Динамикалық байқауда тұрған балалар

49.

Фенотерол мен Ипратропий бромиді, ингаляцияға арналған ерітінді 500 мкг/250 мкг/мл 20 мл

50.

Эпинефрин, инъекцияға арналған ерітінді 0,18 % 1 мл

51.

Трахеостомиялық манжетсіз түтік

52.

Вакуум бақылауымен аспирациялық катетер

53.

Трахеостомиялық түтіктің астына төселетін салфеткалар

54.

Гастростомиялық түтік

55.

Энтеральді қоректендіруге арналған зонд

56.

Жылу-ылғал алмастырғыш

57.

Дауыс клапандары

58.

Саусақтық пульсоксиметр

59.

Амбу қабы

60.

Трахеостомаға бітеуіштер

61.

Хлоргексидин, сыртқа қолдануға арналған ерітінді 0,05% 50 мл

62.

Бір реттік шприц

63.

Диеталық емдік тамақтануға арналған гидролизденген ақуыз, сүт сарысуы негізіндегі қоспа

64.

Стерильді қолғаптар

65.

Көп қолданылатын бекіткіш ленталар (трахеостома үшін)

66.

Трахеостоманың айналасындағы теріні өндеуге арналған дәкелі тампондар

67.

Шашыраңқы беріш

Кладрибин, таблеткалар 10 мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

67-1.

Офатумумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді 20 мг/0,4 мл

68.

Бронхиалды астма

Омализумаб, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ еріткішпен жиынтықта 150 мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

69.

Бастапқы иммун тапшылықтары

Плазмадан алынған C1-тежегіші, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 500 ХБ

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

70.

Бастапқы иммун тапшылықтары

Плазмадан алынған C1-тежегіші, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 500 ХБ

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

70-1.

Ланаделумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді 300 мг/2мл (150 мг/мл)

71.

Бауырдың және өт ағындарының қатерлі ісігі

Атезолизумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 1200 мг/20 мл

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

72.

Аналық бездің қатерлі ісігі

Олапариб, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

73.

Жатыр денесінің, мойнының қатерлі ісігі

Олапариб, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

74.

Жүйелі беріштену

Ритуксимаб, вена ішіне инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 10 мг/мл, 50 мл

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

75.

Алпростадил, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 20 мкг/мл, 1мл

76.

Классикалық фенилкетонурия

Сапроптерин, еритін таблеткалар 100 мг

Динамикалық байқауда тұрған балалар

77.

Ішекте сорылудың басқа бұзылулары

Глюкоза инфузияға арналған ерітінді 10% 500 мл

Динамикалық байқауда тұрған балалар

78.

Парентеральды тамақтануға арналған аралас препараттар (10% электролиттері бар амин қышқылдарының ерітіндісі, 42% глюкоза ерітіндісі, 20% липидті эмульсия), инфузияға арналған эмульсия 986 мл

79.

Калий хлориді, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді 40 мг/мл по 10 мл

80.

Магний сульфаты, инъекцияға арналған ерітінді 25% 5 мл

81.

Парентеральды енгізуге арналған суда еритін дәрумендер (тиаминнің мононитраты, биотин, фолий қышқылы, цианокобаламин), инфузия үшін лиофилизацияланған ұнтақ, 10 мл құтыда

82.

Парентеральды енгізу үшін майда еритін дәрумендер (ретинол пальмитаты, фитоменадион, эргокальциферол, альфа-токоферол), инфузияға арналған эмульсия, 10 мл құтыда

83.

Инфузияға арналған микроэлементтер ерітіндісі, 10 мл құтыда (хром хлориді гексагидраты, мыс хлориді дигидраты, темір хлоридагексагидраты, марганец хлориді тетрагидраты, калий йодиді)

84.

Катетерді жабу үшін ерітінді, 5 мл ампула (Тауролидин, Цитрат (4 %), Урокиназа (25 000 бірлік)

85.

Катетерді жабу үшін ерітінді, 3 мл ампула (Тауролидин,
Гепарин, Цитрат (4 %)

86.

Менадион, инъекцияға арналған ерітінді 1% 1 мл

87.

Парентералді темір препаратары, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді 20 мг/мл, 5мл

88.

Левокарнитин, инъекцияға арналған ерітінді 100мг/мл, 5 мл

89.

Катетерлерді бекіту үшін хлоргексидин глюконаты бар мөлдір үлдір бұласыр, 8,5 см х 11,5 см

90.

Бұласыр (3М) 10 см х 11,5 см

91.

Катетерлерді бекіту үшін өзі желімденетін таңғыш I.V. 8 см х 6 см

92.

Стерильді майлықтар 10 см х 10 см

93.

Адгезивтерді жоюға арналған тазартқыш, спрей

94.

Үш жақты құлыптау краны

95.

Штепсель

96.

Перфузорға арналған ұзартқыш, диаметрі 2,0 мм, ұзындығы 200 см

97.

Бактерияға қарсы 0,45 мкм ауа сүзгісімен аспирациямен бірге пункциялық канюля

98.

1 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған сүт сарысуының гидролизденген ақуызы негізіндегі диеталық емдік тамақтануға арналған арнайы тамақ өнімі, теңгерімді құрғақ қоспасы

99.

Басқа апластикалық анемиялар

Циклоспорин (Сандиммун Неорал) капсулалар 25 мг, 50 мг, 100 мг

Динамикалық байқауда тұрған балалар

100.

Кистозды фиброз (Муковисцидоз)

Дорназа альфа (Пульмозим), ингаляцияға арналған ерітінді 1 мг/мл 2,5 мл

Динамикалық байқауда тұрған балалар

101.

Псориаз

Гуселькумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 100 мг/1,0 мл

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар

102.

Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхопульмональды дисплазия

Паливизумаб, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді 50 мг, 100 мг/ 1 мл

Динамикалық байқауда тұрған балалар

103.

Ходжкиндік емес лимфоманың басқа және анықталмаған түрлері

Акалабрутиниб, капсулалар 100 мг

Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар


  Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 72/675-6с шешіміне 2-қосымша

Шымкент қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16 болып тіркелген, 2019 жылы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2. Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 51/423-6с "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 49 болып тіркелген, 2019 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. Шымкент қалалық мәслихатының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 63/554-6с "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 96 болып тіркелген, 2020 жылы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады