Сарыкемер ауылындағы Звездная көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 24 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 4553 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 28 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауылдық округінің Сарыкемер ауылының Звездная көшесінің атауы Жетісу көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бәйтерек ауылдық округі әкімінің орынбасары Жуманов Куаныш Жетписбаевичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бәйтерек ауылдық округінің әкімі А. Абдуалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады