Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Андас Батыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 27 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 мамырда № 4611 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, 118 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 баптарына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамына Андас батыр ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 13,27 гектар жер учаскесіне газ құбырын тарту және пайдалану үшін 1 (бір) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жамбыл облысы Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Андас батыр ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Набиевке жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Андас батыр ауылдық
      округінің әкімі Б. Мажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады