Т.Рысқұлов ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 252 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қарашада № 4797 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11148 болып тіркелді) 102-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Т.Рысқұлов ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қалыбаев Ерлан Бақытжанұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Т.Рысқұлов ауданы әкімі Е. Садыркулов

  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қарашадағы
№ 252 қаулысына қосымша

Т.Рысқұлов ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Ауылдық округ атауы

Ауыл атауы

Сауда орындары

1

Құлан

Құлан
Қарақат
Шөңгер

Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан орталық базар және шөп базары

2

Луговой

Луговой

С.Есімов көшесі мен Р.Құрымбаев көшесінің қиылысында

3

Қарақыстақ

Каменка

Жібек Жолы көшесі №122 үй Ауылдық әкімдігі ғимаратының алаңы

Қазақ

Абай көшесі "Аязби" дүкенінің алдындағы алаңы

Тасшолақ

Жамбыл көшесі "Тасшолақ" мешітінің алдындағы алаң

Жалпақсаз

Ш.Омаров көшесі мен Қ.Қалметов көшесінің қиылысындағы "ЕиД" дүкенінің алдындағы алаң

4

Ақбұлақ

Р.Сабденов

Мәдениет үйі маңында

Қызылшаруа

Жамбыл көшесі Аққайнар дүкені орны

Бәйтелі

Қоңырат көшесі Бұзылған дүкен орны

5

Ақниет

Д.Қонаев

Бірлік көшесінің бойындағы орталық

6

Құмарық

Құмарық

Орталық алаң (Ж.Жолы көшесі)

7

Ақыртөбе

Ақыртөбе

Қарасу көшесі 1,2және 3 үйлердің аралығы

8

Көкдөнен

Көкдөнен

Орталық алаң "Мінәш ана"сауда орт.алаңы (Ш.Уалиханов көшесі, 76)

Жақсылық

Жамбыл көшесі мен Бәйтік Зәуірбеков көшелерінің қиылысы "Сұлтан" дүкені

9

Көгершін

Көгершін

Амангельді көшесінің бойындағы "Дендро"саябағы

10

Өрнек

Өрнек

Е.Алпысбайұлы №12а

11

Теренөзек

Теренөзек

Жамбыл көшесінің орталығында

12

Қорағаты

Қорағаты

Орталық алаң (Төле би көшесінің бойы)

13

Жаңатұрмыс

Жаңатұрмыс

Қ.Сатбаев көшесінің бойы

14

Абай

Көкарық

Кіші стадион алаңының алды

15

Қайыңды

Қайыңды

Жорабек көшесі (ауыл әкімдігінің ғимараты алдындағы алаң)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады