Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 07/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 502 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 5719 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы қорытындысы және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 4 наурыздағы көпшілік тыңдаулар қорытындысы туралы хаттама негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:

      № 8 шағын аудан – Байқоныс шағын ауданы;

      № 4 көше – Кейкі батыр көшесі;

      № 5 көше – Арғанаты көшесі;

      № 6 көше – Кетбұға көшесі;

      № 7 көше – Едіге батыр көшесі;

      № 8 көше – Жұмабек Тәшенов көшесі;

      № 9 көше – Александр Затаевич көшесі;

      № 10 көше – Жамбыл көшесі;

      № 11 көше – Төлек батыр көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек
      Сессия төрағасы Б. Шингисов
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады