Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 56/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 қыркүйекте № 6021 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 28 тамызы
№ 56/02
қаулысына қосымша

Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 69/07 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3597 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық актілер жүйесінде, 2016 жылғы 16 қаңтарда "Орталық Қазақстан" № 9-10 (22 115) және "Индустриальная Караганда" № 5 (21950) газеттерінде жарияланған);

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 48/03 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 69/07 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3909 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық актілер жүйесінде, 2016 жылғы 30 шілдеде "Орталық Қазақстан" № 120 (22 225) және "Индустриальная Караганда" № 98-99 (22043-22044) газеттерінде, Электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкі 2016 жылғы 22 тамызда жарияланған);

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 73/02 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 69/07 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4459 болып тіркелген, Электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкі 2017 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады