ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2020 бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №30/275 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5088 тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 01 (8115) "Сарыарқа" газетінде, 2019 жылғы 11 қаңтардағы №1(257) "Жезказганский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы | М. Муханбедин |
Жезқазған қалалық маслихаттың хатшысы | С. Медебаев |