Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 02.06.2020 № 46/405 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енеді).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Сурнин |
Қалалық мәслихат хатшысы | С. Медебаев |
Жезқазған қалалық мәслихатының | |
2018 жылғы 24 желтоқсандағы | |
№30/275 шешіміне | |
қосымша |
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Р/с № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2. | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 3 |
4. | Ойын жолы | 12 |
5. | Карт | 4 |
6. | Бильярд үстелі | 10 |
7. | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 15 |