"Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Шешенқара ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 7-ш шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қазанда № 6052 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шешенқара ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:

      1. "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін алып қоймастан 2020 жылғы 30 желтоқсан мерзіміне Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Шешенқара ауылдық округі, Шешенқара ауылы аумағында орналасқан жалпы алаңы 3,0020 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қажет:

      1) жер учаскелерінің меншік иелері мен пайдаланушыларға келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін, шығындар мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес (келісім бойынша) тараптардың келісімі бойынша айқындау;

      2) жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шешенқара ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Г. Муканова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады