Нұра кентіндегі көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра кентінің әкімінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 наурызда № 5730 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Нұра кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра ауданы Нұра кентінің Ақпасов көшесінің бөлігі (№ 53-60, 62-72 үйлер аралығы) Ерлан Нұрғалиев көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұра кенті әкімінің орынбасары Ж.А. Балабиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      М. Тураров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады