Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін азаматтарға тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 476 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қарашада № 7769 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін азаматтарға тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын.

      Медициналық көрсеткіштері бойынша дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның емделуге, кеңес беруге және (немесе) диагностикаға бару-қайту жол ақысын:

      1) әуе көлігімен немесе теміржол көлігімен (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист", "Бизнес" және "Тұлпар-Тальго" класты вагондарымен) жүрген кезде - теміржол көлігінің стандартты купелі вагонының бір билетінің нақты құны мөлшерінде;

      2) темір жол көлігінің стандартты купелі немесе плацкарт вагондары мен қалааралық автомобиль көлігімен жүрген кезде - оның бір билетінің нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізіледі.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 48-сессиясының төрағасы Б. Махашов
      Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы К. Бисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады