"2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 270 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 241 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қазанда № 7753 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 270 "2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7029 нөмірімен тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 23 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сырдария ауданының әкімі Т. Дуйсебаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 26 қазаны № 241
  қаулысына қосымша
  Сырдария ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 270
  қаулысына 2-қосымша

2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)

Квотаның көлемі
(%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Шаған Жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

252

0,4

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады