"Шиелі кентінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 49/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қазандағы № 60/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қазанда № 7693 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шиелі кентінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 49/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7066 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 6 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шиелі кентінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 996 345,3 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 112 575 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 298 мың теңге;

      трансферттер түсімдері – 883 472,3 мың теңге;

      2) шығындар – 1 019 228,4 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 73 238,1 мың теңге;

      бюджеттік кредиттер – 73 238,1мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 22 883,1 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 22 883,1 мың теңге;

      қарыздар түсімі –73 238,1 мың теңге;

      қарыздарды өтеу - 0;

      бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 22883,1 мың теңге.".

      Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы М. Салқынбаев
      Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Б. Сыздық

  Шиелі аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 6 қазаны
  №60/2 шешіміне қосымша
  Шиелі аудандық мәслихатының
  2019 жылғы 27 желтоқсандағы
  №49/2 шешіміне 1-қосымша

Шиелі кентінің 2020 жылға арналған бюджеті

Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы 




Атауы




1. Кірістер

996345,3

1



Салықтық түсімдер

112575


01


Табыс салығы

20000



2

Жеке табыс салығы

20000


04


Меншікке салынатын салықтар

92550



1

Мүлікке салынатын салықтар

4050



3

Жер салығы

4500



4

Көлік кұралдарына салынатын салық

84000


05


Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

25



4

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

25

2



Салықтық емес түсімдер

298


01


Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

38



5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

38


04


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

260



1

Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

260

4



Трансферттер түсімі

883472,3


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

883472,3



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

883472,3

Функционалдық топ 



Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi




Бағдарлама





Атауы





2. Шығындар

1019228,4

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

71796


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

62796



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

62796



022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

9000

07



Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық

664627,3


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

664627,3



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

213790,6



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

25901



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

424935,7

08



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

50055


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

50055



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

50055

12



Көлiк және коммуникация

227746


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

227746



045

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

227746



048

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

4,1

09



Өзге де

5 000


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

5 000



040

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру

5 000




3. Таза бюджеттік кредит беру

73238,1




4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

0




5. Бюджет тапшылығы (профициті)

-22883,1




6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)

22883,1

 7



Қарыздар түсімі

73238,1

 16



Қарыздарды өтеу

0


8


Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

22883,1



1

Бюджет қаражатының қалдықтары

22883,1




Бюджет қаражатының бос қалдықтары

22883,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады