Маңғыстау облысының әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 49 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 4174 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.  

      2. "Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж.А.Досполова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Б.Жұмашевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2020 жылғы 27 наурызы
  № 49 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 342 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2900 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 343 "Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2903 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 176 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 342 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3087 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 177 "Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3085 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 289 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 342 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3158 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 103 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 343 "Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3375 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 137 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 342 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3388 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 272 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 342 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3467 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 140 "Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3674 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады