Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 185 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қазанда № 4322 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Жаңаөзен - Ақтау" магистральды газ құбырының 4 (төртінші) желісінің жобалық және құрылыс жұмыстары үшін Маңғыстау облысының Мұнайлы және Қарақия аудандарының әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы көлемі 594,3991 гектар жер учаскелеріне "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы
  әкімдігінің қаулысына
  2020 жылғы 19 қазаны № 185
  қосымша

"Жаңаөзен - Ақтау" магистральды газ құбырының 4 (төртінші) желісінің жобалық және құрылыс жұмыстары үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің көлемі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитутпен белгіленген жерлер, гектар

Жер санаты

1

Мұнайлы ауданы
 

20,0017

Елді мекендердің жерлері

88,423

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

0,356

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер

95,6447

Босалқы жерлер

2

Қарақия ауданы

72,9442

Елді мекендердің жерлері

217,0448

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

0,5342

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер

99,4505

Босалқы жерлер


Барлығы

594,3991



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады