Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 180 "2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 407 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 шілдеде № 4261 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 180 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4147 болып тіркелген, 2020 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жаңаөзен қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ы. Құлатай) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары А. Нұрдаулетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласы әкімі М. Ибагаров

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2020 жылғы 23 шілдесі
  № 407 қаулысына қосымша
  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2020 жылғы 13 наурыздағы
  № 180 қаулысына қосымша

2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары ның әкімшілік-аумақтық орналасуы (қала, ауыл)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге бір айда жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы бір айдағы ата-ананың төлемақысының мөлшері (теңге)

Балабақша (мемлекеттік)

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталық (мемлекеттік)

Дербес толық күндік шағын-орталық (жекеменшік)

Балабақша (мемлекеттік)

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталық (мемлекеттік)

Дербес толық күндік шағын-орталық (жекеменшік)

3 жасқа дейін

3 жастан 7 жасқа дейін

3 жастан 7 жасқа дейін

3 жастан 7 жасқа дейін

1

қала

29150

28455

29150

10434

12382

12382

12382

2

ауылдық жерлер

31810

-

31810

10434

12382

-

12382


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады