Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 62 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 ақпанда № 8980 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 14 ақпандағы
№ 62 қаулысына
қосымша

Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 шілдедегі № 316 қаулысы (2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5852 болып тіркелген).

      2. Қостанай облысы әкімдігінің "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 31 қазандағы № 488 қаулысы (2016 жылғы 14 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6718 болып тіркелген).

      3. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 316 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 22 ақпандағы № 85 қаулысы (2017 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6947 болып тіркелген).

      4. Қостанай облысы әкімдігінің "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 471 қаулысы (2017 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7255 болып тіркелген).

      5. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 471 "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы № 256 қаулысы (2018 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7880 болып тіркелген).

      6. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 537 қаулысы (2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8189 болып тіркелген).

      7. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2016 жылғы 31 қазандағы № 488 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 20 мамырдағы № 208 қаулысы (2019 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8468 болып тіркелген).

      8. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2016 жылғы 31 қазандағы № 488 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қарашадағы № 502 қаулысы (2019 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8795 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады