Қамысты ауданының Арқа ауылының жер асты орталықтандырылған шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 335 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қазанда № 9482 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қамысты ауданы Арқа ауылының жер асты орталықтандырылған шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 335 қаулысына
қосымша

Қамысты ауданы Арқа ауылының жер асты орталықтандырылған шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймағы

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының көлемі

І белдеу

ІІ белдеу

ІІІ белдеу

шекара

аудан

шекара

аудан

шекара

аудан

№ 1 ұңғыма

Радиусы – 50 метр

0,785 гектар

Радиусы – 109 метр

2,95 гектар

Радиусы – 543 метр

88,85 гектар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады