Мәслихаттың 2016 жылғы 3 маусымдағы № 41 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 472 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 сәуірде № 9134 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 28.08.2020 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 3 маусымдағы № 41 шешіміне (2016 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6509 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Б. Абдрахманова
      Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Б. Сандыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады