Әкімдіктің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 136 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 42 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 8991 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 31.03.2021 № 79 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13181 болып тіркелген) сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лисаков қаласы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 136 қаулысына (2016 жылғы 2 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6354 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Исмагулов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 14 ақпандағы
№ 42 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2016 жылғы 6 сәуірдегі
№ 136 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) облыстық маңызы бар қала мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының: шағын жинақталған мектептің басшысы;

      2) облыстық маңызы бар қала мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;

      3) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;

      4) қосымша білім беретін педагог;

      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;

      6) тәлімгер;

      7) кітапханашы;

      8) тәрбиелеуші;

      9) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      10) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің);

      11) әлеуметтік педагог;

      12) мейірбике (мейіргер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады