Мәслихаттың 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 71 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 94 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 9639 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 17.11.2023 № 76 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 71 шешіміне (2020 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9462 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      қазақ тілінде 13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "13. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті алу үшін:

      осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, бірінші рет өтініш берген адамдар мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатпен қоса өтініш береді;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар (отбасылар) не заңды өкілдері мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатпен қоса өтініш береді.";

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасы екінші абзацында, 7-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және /немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.";

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрайымы К. Амантаева
      Денисов аудандық мәслихаттының хатшысы міндетті атқарушы С. Шерер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады