Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 16 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 желтоқсанда № 9628 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес Денисов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне коммуналдық тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі Денисовка ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,08459 гектар жер учаскесінде қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауылдық округінің әкімі В. Наконечный

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады