2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 25 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 8993 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Жітіқара ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
2020 жылғы 17 ақпандағы
№ 25 қаулысына
қосымша

Жітіқара ауданының мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 08.07.2020 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Жітіқара қаласы

"Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150

29622

3 жастан бастап 12000

2

Жітіқара қаласы

"Дружба - 97" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

29622

3 жасқа дейін 10000
3 жастан бастап 12000

15

38904

3 жасқа дейін 10000
3 жастан бастап 12000

3

Жітіқара қаласы

"Юбилейное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

195

29622

3 жасқа дейін 10000
3 жастан бастап 12000

4

Жітіқара қаласы

"КМ Бөбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

95

29622

3 жасқа дейін 10000
3 жастан бастап 12000

5

Жітіқара қаласы

"Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

190

29622

3 жасқа дейін 10000
3 жастан бастап 12000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады