Әкімдіктің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 32 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 84 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 мамырда № 9209 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 160 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 18.11.2021 № 160 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 2 наурыздағы № 32 қаулысына (2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5427 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Г. Бекмухамедов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 20 мамырдағы
№ 84 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 32 қаулысына
қосымша

Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар

1.

Адай ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Адай орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

2.

Алтынсарин ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Алтынсарин орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

3.

Арқа ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Краснооктябрь орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

4.

Бестөбе ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Бестөбе орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

5.

Дружба ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Дружба негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

6.

Қамысты ауылы

"Қамысты ауданының әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қамысты аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратында

7.

Қарабатыр ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Қарабатыр орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

8.

Клочков ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Клочков орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады