Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылы әкімінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 тамызда № 9378 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылы әкімінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылы әкімінің 25.01.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 01-25/254 ұсынысы негізінде Қамысты ауданы Арқа ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылының № 2, № 3, № 4 жайылым табындары аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қамысты аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Т. Досмухамбетов

Об установлении ограничительных мероприятий

Решение акима села Арка Камыстинского района Костанайской области от 14 августа 2020 года № 6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 17 августа 2020 года № 9378. Утратило силу решением акима села Арка Камыстинского района Костанайской области от 25 января 2021 года № 3

      Сноска. Утратило силу решением акима села Арка Камыстинского района Костанайской области от 25.01.2021 № 3 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления руководителя государственного учреждения "Камыстинская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 1 июля 2020 года № 01-25/254, аким села Арка Камыстинского района РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия на территории отгонных гуртов № 2, № 3, № 4 села Арка Камыстинского района Костанайской области, в связи с возникновением болезни бруцеллез крупного рогатого скота.

      2. Рекомендовать республиканскому государственному учреждению "Камыстинское районное Управление контроля качества и безопасности товаров и услуг Департамента контроля качества и безопасности товаров и услуг Костанайской области Комитета контроля качества и безопасности товаров и услуг Министерства здравоохранения Республики Казахстан" (по согласованию), государственному учреждению "Камыстинская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (по согласованию) провести необходимые ветеринарно-санитарные мероприятия для достижения ветеринарно-санитарного благополучия в выявленном эпизоотическом очаге.

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима села Арка акимата Камыстинского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Камыстинского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Т. Досмухамбетов