Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 142 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 9449 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай осы қаулының қосымшасына сәйкес берілсін.

      2. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданының әкімі Н. Катарбеков

  Әкімдіктің
2020 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 142 қаулысына
қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекен атауы

Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар

1

Боровское ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Боровской өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінің ғимаратында

2

Первомайское ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Первомай орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

3

Алешинка ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Алешин негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

4

Буденновка ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Буденный орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

5

Введенка ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Введен орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

6

Красная Пресня ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Краснопреснен орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

7

Қасқат ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ломоносов орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

8

Михайловка ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Михайлов орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

9

Теңіз ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Теңіз негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

10

Ұзынағаш ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

11

Харьковское ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Сосна орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады