Әкімнің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 4 "Вишнев және Карашілік ауылдарындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 9648 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әкімнің "Вишнев және Қарашілік ауылдарындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 4 шешіміне (2009 жылғы 3 желтоқсанда "Сарыкөл" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-84 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Вишневка ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Вишневка ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көшеге - Бәйтерек көшесі;

      № 2 атауы жоқ көшеге - Атақоныс көшесі;

      № 3 атауы жоқ көшеге - Ақжол көшесі;

      № 4 атауы жоқ көшеге - Шаттық көшесі;

      № 5 атауы жоқ көшеге - Береке көшесі.".

      2. "Севастополь ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Т. Тыртышняя

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады