Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және архив ісі саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 176/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 тамызда № 6928 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2020 жылғы 21 тамызы
№ 176/3 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 137/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде "Регион.kz" газетінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Мәдениет және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 137/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 59/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5050 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 маусымдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Мәдениет және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 137/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 161/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 137/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 266/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5629 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 137/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 138/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5966 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 137/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 25/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6249 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 137/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 253/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6526 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады