Павлодар облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 254/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 7061 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қ. Есімхановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 254/5 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің сәулет және қала
құрылысы саласындағы күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 114/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4512 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 142/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4543 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 149/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4575 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 149/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 42/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5017 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 114/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 90/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5061 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 162/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5148 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 142/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 163/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5145 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы "Павлодар облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" № 391/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5776 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

      9. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 142/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 410/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5802 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

      10. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 149/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 263/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6034 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

      11. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" № 110/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6317 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

      12. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 маусымдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 114/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 181/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6413 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады