Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 520/70 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 6956 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының сессия төрағасы С. Калижанова
      Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы З. Мукашева

  Павлодар қалалық
маслихатының
2020 жылғы 16 қыркүйегі
№ 520/70 шешіміне
қосымша

Павлодар қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қазандағы "Павлодар қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 428/58 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4783 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы "Павлодар қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 138/18 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5440 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 сәуірде "Звезда Прииртышья" және "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған).

      3. Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 қазандағы "Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" №138/18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 205/26 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5667 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қарашада "Звезда Прииртышья" және "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады