Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округінің Ақкөл ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 1-08/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 тамызда № 6883 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ақкөл ауылдық округі Ақкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округінің Ақкөл ауылындағы келесі көшелер:

      "Строительная" көшесі "Бөгенбай батыр" көшесі;

      "Школьная" көшесі "Мектеп" көшесі;

      "Кеңес" көшесі "Жандарбек ата" көшесі;

      "Ленин" көшесі "Мейрам Асылғазин" көшесі;

      "Целинная" көшесі "Естай ақын" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауылдық округінің әкімі Б. Ахтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады