Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 3/372 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 1636 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласының әкімі
2020 жылғы 16 қыркүйегі
№ 3/372
қаулысына қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/635 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1237 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      2. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/635 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 4/602 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1339 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қаңтарда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      3. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/635 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 3/553 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1589 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      4. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін су қорын пайдалануды реттеу, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сондай-ақ жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 4/705 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1247 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 ақпанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      5. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін су қорын пайдалануды реттеу, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сондай-ақ жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 4/705 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 13 ақпандағы 1/50 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1456 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      6. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін су қорын пайдалануды реттеу, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сондай-ақ жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 4/705 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 17 маусымдағы 2/390 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1569 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 маусымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      7. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1263 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      8. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 7 маусымдағы № 2/256 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1298 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      9. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 8 ақпандағы № 1/48 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1454 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      10. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 3/541 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1587 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      11. Алматы қаласы әкімдігінің "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 16 қазандағы № 4/418 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1419 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      12. Алматы қаласы әкімдігінің "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 16 қазандағы № 4/418 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 3/542 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1586 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      13. Алматы қаласы әкімдігінің "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 3/543 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1585 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады