Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 4/602 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 1674 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласындағы діни қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 24 шiлдедегi № 3/470 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1198 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 тамыз күні "Алматы Ақшамы" газетінде және 2015 жылғы 3 қыркүйек күні "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған);

      2) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Алматы қаласындағы діни қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 24 шiлдедегi № 3/470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 21 мамырдағы № 2/216 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1482 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 маусым күні "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

      2. "Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады