Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 03 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 қазанда № 1651 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 болып тіркелген, Алматы ақшамы" газетiнiң 2019 жылғы 13 сәуірде № 43-44 (5707) және "Вечерний Алматы" газетiнiң 2019 жылғы 13 сәуірде № 42-43 (13518-13519 сандарында жарияланған)) шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) көрсетілген шешімнің қосымшасында № 40, 52, 53 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің № 01 қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. "Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әрі қарай мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялай отырып, осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкiмi аппаратының басшысы К.Қ. Әбiлқақоваға жүктелсiн.

      4. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласының Алмалы
ауданы әкімі
Б. Торгаев

  Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2020 жылғы 20 қазаны
№ 03 шешіміне № 01
қосымша

      № 40 сайлау учаскесi

      Шекаралары: Прокофьев көшесінен Ұзақбай Құлымбетов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Брусиловский көшесіне дейін; Брусиловский көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) № 163 үйді қоспағанда Есенжанов көшесіне дейін; Есенжанов көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы), Прокофьев көшесінің № 148 үйді қоспағанда Ұзақбай Құлымбетов көшесіне дейін.

      № 52 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Ислам Каримов көшесінен Абай даңғылының тақ санды жағымен Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесінің жұп санды жағымен Есенжанов көшесіне дейін; Есенжанов көшесінің батысқа қарай (солтүстік жағы) Брусиловский көшесіне дейін; Брусиловский көшесінің солтүстікке қарай (шығыс жағы) № 163 үйді қоса Ұзақбай Құлымбетов көшесіне дейін; Ұзақбай Құлымбетов көшесінің шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Ислам Каримов көшесіне дейін; Ислам Каримов көшесінің тақ санды жағымен Шәкәрім көшесіне дейін, Шәкәрім көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Тұрғыт Озал көшесіне дейін; Тұрғыт Озал көшесінің батыс жағымен Абай даңғылына дейін.

      № 53 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Қарасай батыр көшесінен Розыбакиев көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының тақ санды жағымен Тұрғыт Озал көшесіне дейін; Тұрғыт Озал көшесінің жұп санды жағымен Шәкәрім көшесіне дейін, Шәкәрім көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Ислам Каримов көшесіне дейін; Ислам Каримов көшесінің жұп санды жағымен Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесінің жұп санды жағымен Розыбакиев көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады