Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айыру және оны Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 358 "Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 1 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қаңтарда № 5800 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 12.05.2020 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18-бабы 18) тармақшасына сәйкес, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші – Петропавл қаласындағы облыстық драма театрына жасалған 2019 жылғы 1 қарашадағы тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 1 мекенжайында орналасқан 1972 жылы салынған Облыстық драма театры жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тасталсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 358 қаулысына (2011 жылғы 29 қаңтар "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2011 жылғы 29 қаңтар "Северный Казахстан" газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1766 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінің 27-жолы алып тасталсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналыстыруды.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
К.Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады