Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 40/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 наурызда № 6102 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 48/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.

      2. Күшін жойды деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/8 шешімі (2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5082 болып тіркелді);

      2) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 15 ақпандағы № 30/3 шешімі (2019 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5228 болып тіркелді).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихат сессиясының
төрағасы
А.Асанова
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В.Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 наурыздағы № 40/5 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша берілетін тегін дәрілік заттар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 28.05.2020 № 43/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Дәрілік заттардың атауы

Аурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы

Аурулардың синонимдері және атаулары

Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы)

Халық санаты

1.

Инфликсимаб
Тоцилизумаб
Адалимумаб

Балалардағы жасөспірімдердің жүйелік бастамалы артриті (M 08.2)

Ювенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

2.

Тобрамицин

Зат алмасуының бұзылуы (Е 84.8)

Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

3.

Риоцигуат

Өкпелік бастапқы гипертензия (I 27.0)

Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы (бұдан әрі - ӨАГ ), тұқымқуалаушы ӨАГ

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

4.

Ритуксимаб

Дәнекер тіннің жүйелік зақымданулары (М 31.3)

Вегенер гранулематозы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

5.

Инфликсимаб

Жұқпалы емес энтерит пен колит (К 51)

Ойық жаралы колит

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

6.

Эверолимус

Органдар мен тіндер ауыстырғаннан кейінгі күйлері (Z 94.0)

Трансплантацияланған бүйректің болуы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

7.

Алглюкозидаза альфа

Гликоген жиналу аурулары (E 74.0)

Помпе ауруы (2 типті гликогеноз)

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

8.

Кабозантиниб

Бүйрек қалқанынан басқа, бүйректің қатерлі ісіктері (С 64)

Бүйректің қатерлі ісіктері

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

9.

Экулизумаб

Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели) (D 59.5)

Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели)

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

10.

Вигабатрин

Эпилепсия (G40)

Эпилепсия

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады