Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 267 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қазанда № 6578 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 15.03.2021 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттары:

      мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылатын жыл – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі – 6 000 000 000,0 (алты миллиард) теңгеден аспайды;

      3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 22 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады