Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 50/322 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 мамырда № 6311 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының мәслихаты
сессиясының төрағасы
Б.Койшибаев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
А.Бектасова

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 50/322 шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) көрсетіледі.

      2. Мамандарға әлеуметтік қолдауды көрсету "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі –уәкілетті орган), осы мақсаттарға аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Мамандарға әлеуметтік қолдау мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен тізімдер негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады