Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 245 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 қазанда № 6584 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 36 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 02.03.2023 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларынның бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының әкімі Р.Анбаев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 9 қазаны
  № 245 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

№ р/с

Қала және ауылдық округ атауы

Автодүкендерді және (немесе) шатырларды (павильондар) орнату орындары

1

Андреев ауылдық округі

Андреевка ауылы, 50 лет Казахстана көшесі, 61, "Асхат-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің жанында

Бостандық ауылы, Ақ Орда көшесі, 3, ауылдық клуб жанында

2

Белое ауылдық округі

Белое ауылы, Гүлдер көшесі, 2 үйдің жанында

Белое ауылы, Интернациональная көшесі, 34 үйдің жанында

3

Воскресенов ауылдық округі

Воскресеновка ауылы, Достық көшесі, 17, Мәдениет үйі жанындағы алаң

Искра ауылы, Бейбітшілік көшесі, 41, клуб ғимараты жанындағы алаң

Становое ауылы, Орталық көшесі, 25, В.Н. Гуменик шаруа қожалығы қоймасы жанындағы алаң

4

Дубровное ауылдық округі

Дубровное ауылы, Интернациональная көшесі, 30/1, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы

Михайловка ауылы, Сәбит Мұқанов көшесі, 39, сауда алаңы

5

Краснознамен ауылдық округі

Краснознаменное ауылы, Б Тұрғұнов көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы алаң

Калугино ауылы, Бейбітшілік көшесі, 16 үйдің жанында

Беловка ауылы, Мектеп көшесі, 16 үйдің жанында

6

Қызыләскер ауылдық округі

Қызыләскер ауылы, Мир көшесі, 38 "Кзыласкерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Мир көшесі, 42, клуб ғимараттары арасында

Степное ауылы, Новая көшесі, 2 үйдің жанында

Раздольное ауылы, Школьная көшесі, 9, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының медициналық пунктіне қарама-қарсы

7

Ленин ауылдық округі

Ленино ауылы, Құрылысшы көшесі, 16 үйге қарама-қарсы

8

Леденев ауылдық округі

Леденево ауылы, Батыр көшесі, 2, "Фатерланд" шаруа қожалығы кеңсесінің жанында

9

Новомихайлов ауылдық округі

Минкесер ауылы, Юбилейная көшесі, 34, Мәдениет үйінің жанында

Новомихайловка ауылы, Победы көшесі, 53, "Новомихайловское 2003" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі асхана жанында

10

Пригород ауылдық округі

Покровка ауылы, Мир көшесі, 14, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Покровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарсы асфальтталған алаң

11

Становое ауылдық округі

Афонькино ауылы, Кеңес көшесі, 8, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының медициналық пункті аумағында

Новоукраинка ауылы, Орталық көшесі, 4, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының медициналық пункті жанында

Орел ауылы, Орталық көшесі, 21, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының медициналық пункті жанында

12

Мамлютка қаласы

Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, "Жастар" саябағы жанында

Школьная көшесі, "Юность" стадионының алдындағы алаңда

Победы көшесі, "Достық" саябағына іргелес аумақ

Папанин көшесі, 1 және Папанин көшесі, 3 үйлер арасындағы аумақ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады