Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2/4 "Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 48/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 6546 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 50/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 50/3 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының "Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2/4 шешіміне (2016 жылғы 3 маусымда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3768 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 17-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      16-1-тармақ алынып тасталсын;

      16-3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16-3. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, екі еселік ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.";

      18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты

      2) Үлгілік қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтерді;

      4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.";

      Қағидалардың 3-қосымшасы тиісінше осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы М.Иванова
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы С.Мустафин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      _____________________ Қ.Ақсақалов

      2020 жылғы "___"_ __________

  Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қыркүйегі № 48/5 шешіміне
  қосымша
  Тимирязев ауданының
  әлеуметтік көмек көрсетудің,
  оның мөлшерлерін белгілеудің
  және мұқтаж азаматтарының
  жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына
  3-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетiмдiк;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девиантты мiнез-құлық;

      4) туғанынан бастап үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық даму мүмкiндiктерiнiң шектелуi;

      5) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуі;

      7) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;

      8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға алып келген қатыгездікпен қарауы;

      9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар)

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      11) пробация қызметінің есебінде болуы;

      12) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;

      14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келуі;

      15) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;

      16) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5 және 6 баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      17) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4-бабында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;

      18) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;

      19) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5 және 6 баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер жағынан теңестірілген адамдардың, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдардың, жалпы аурулардың 1, 2, 3 топтағы мүгедектерінің, мүгедек балалардың және мүгедек балаларды ертіп жүретін азаматтардың, теміржол көлігімен, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) осы көлік құралдарының біреуінің шығу станциясынан Қазақстан Республикасының аумағы бойынша госпитализация орнына дейін баруға және кейін қайтып келуге мұқтаждығы;

      20) денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен, адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) ауру-сырқаты бар балалардың үнемі күтім және қосымша күшейтілген тамақтануға мұқтаждығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады