"Махамбет ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы" Махамбет аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 199 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 159 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 тамызда № 4708 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 31.12.2020 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Махамбет ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы" Махамбет аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 199 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4480 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы 3 тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Сейтқалиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 28 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Махамбет ауданының әкімі Ж. Ахметов

О внесении изменения в постановление акимата Махамбетского района от 6 августа 2019 года № 199 "Об утверждении коэффициентов зонирования (К зон), учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Махамбетского района"

Постановление акимата Махамбетского района Атырауской области от 10 августа 2020 года № 159. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 14 августа 2020 года № 4708. Утратило силу постановлением акимата Махамбетского района Атырауской области от 31 декабря 2020 года № 323 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Махамбетского района Атырауской области от 31.12.2020 № 323 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Махамбетского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Махамбетского района от 6 августа 2019 года № 199 "Об утверждении коэффициентов зонирования (К зон), учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Махамбетского района" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4480, опубликованное 16 августа 2019 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в приложении указанного постановления пункт 3 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Сейткалиева М.Ж.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распростроняется на провоотношения, возникшие с 28 января 2020 года.

      Аким Махамбетского района Ж. Ахметов