Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 31.12.2020 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңына, "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген), "Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13326 тіркелген) сәйкес, Махамбет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Махамбет ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм) бекітілсін.
2. Махамбет ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 148 "Махамбет ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентерін (К айм) бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4166 санымен тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыcы күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы |
М. Сейтқалиев |
Махамбет ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 199 қаулысына қосымша |
Махамбет ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
р/с | Ауылдық округтің атауы | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймақ коэффициенті |
1 | Махамбет ауылдық округі |
Махамбет ауылы | 1,75 |
Махамбет ауылы | 1,85 | ||
Махамбет ауылы | 1,75 | ||
Сарытоғай ауылы | 1,6 | ||
2 | Алға ауылдық округі | Алға ауылы | 1,3 |
3 | Алынып тасталды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 10.08.2020 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. | ||
4 | Ақжайық ауылдық округі |
Ақжайық ауылы |
1,3 |
5 | Жалғансай ауылдық округі | Жалғансай ауылы | 1,67 |
6 | Есбол ауылдық округі | ||
7 | Сарайшық ауылдық округі |
Ескі Сарайшық ауылы |
1,3 |
8 | Бейбарыс ауылдық округі | ||
9 | Бақсай ауылдық округі |
Таңдай ауылы |
1,8 |
10 | Ақтоғай ауылдық округі |
Ақтоғай ауылы |