Махамбет ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 2020 жылға арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 192 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 4715 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабының 2) және 3) тармақшаларына және 27-бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Махамбет ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 2020 жылға арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Махамбет аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 13 "Махамбет ауданы аумағында сауда қызметі субъектілері көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 болып тіркелген, 2017 жылдың 2 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Махамбет ауданының әкімі Ж. Ахметов

  Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамызы № 192 қаулысына қосымша

Махамбет ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді-мекен атауы

Арнайы бөлінген орындар

Саны

Сауда жүргізу мерзімі

1

Махамбет

"Жастар" демалыс саябағы алаңы

50

31.12.2020 жылға дейін

2

Сарытоғай

Соңғы аялдаманың сол жақ бетіндегі алаңның 50 метр радиус шегінде

20

31.12.2020 жылға дейін

3

Ақжайық

Ескі мәдениет үйінің алдынан 50 метр радиус шегінде

15

31.12.2020 жылға дейін

4

Алға

"Мұра" өндіріс кооперативінің ескі ғимаратының алдынан 50 метр радиус шегінде

15

31.12.2020 жылға дейін

5

Ақтоғай

"Жас даурен" бөбекжайының батыс жақ жанынан 50 метр радиус шегінде

15

31.12.2020 жылға дейін

6

Бақсай

Мешіт қасындағы арнайы дайындалған орында

15

31.12.2020 жылға дейін

7

Бейбарыс

Пошта ғимаратының алдынан 50 метр радиус шегінде

20

31.12.2020 жылға дейін

Талдыкөл

Мектеп-бала бақша кешені ғимаратының кірме қақпасынан 50 метр радиус шегінде

10

31.12.2020 жылға дейін

Аққайын

Т.Рысқұлов көшесіндегі №1 үйінің алдынан 50 метр радиус шегінде

10

31.12.2020 жылға дейін

8

Есбол

"Ерасыл" азық-түлік дүкенінің сол жақ жанынан 50 метр радиус шегінде

10

31.12.2020 жылға дейін

Ортақшыл

Есбол ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының алдынан 50 метр радиус шегінде

15

31.12.2020 жылға дейін

Еңбекшіл

"Табия" азық-түлік дүкеннінің жол жағынан 50 метр радиус шегінде

10

31.12.2020 жылға дейін

9

Сарайшық

Сарайшық орта мектебінің сол жақ жанынан 50 метр радиус шегінде

20

31.12.2020 жылға дейін

10

Жалғансай

"Рашид" дүкенінің алдынан 30 метр радиусы

15

31.12.2020 жылға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады