Жанбай ауылының шекарасын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 338-VI шешімі және Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 250 бірлескен қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 4848 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 31 баптарына сәйкес, Исатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Жалпы аумағы 822,13 гектар, ұзындығы 13491,21 метр болып Исатай ауданы Жанбай ауылдық округі Жанбай ауылының шекарасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің орынбасарына (Б. Сисатов) және Исатай аудандық мәслихатының заңдылықты сақтау, құқық қорғау, депутаттық әдеп жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (М. Жиенғазиев) жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мурзиев
      Сессия төрағасы А. Рахметов
      Мәслихат хатшысы Н. Муханбеталиев

  Исатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 250 мен Исатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 338-VI бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылының әкімшілік шекарасының жоспары

     


      Шекараның жалпы аумағы - 822,13 гектар

      Шекараның ұзындығы - 13491,21 метр

      Исатай ауданының әкімі М. Мурзиев
      Сессия төрағасы А. Рахметов
      Мәслихат хатшысы Н. Муханбеталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады