Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кенті әкімінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 54 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қарашада № 4785 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Доссор кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Доссор кентіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) М.Өтемісұлы көшесінің қиылысынан басталып, Ғ.Сүлейменова көшесіне қосылатын жаңа көшеге Күйші Дина есімі;

      2) Б.Қанатбаев көшесінен басталып, №201 үйден аяқталатын жаңа көшеге Міржақып Дулатұлы есімі;

      3) М.Өтемісұлы көшесінің қиылысынан басталып, М.Дулатұлы (жаңа атау) көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Қайрат Рысқұлбеков есімі;

      4) О.Шаримов көшесінен басталып, М.Өтемісұлы көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Талғат Бигелдинов есімі;

      5) М.Өтемісұлы көшесінің қиылысынан басталып, Ә.Молдағұлова (жаңа атау) көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Исатай батыр есімі;

      6) Исатай батыр (жаңа атау) көшесінен басталып, Ә.Мантаев көшесімен бірінші қиылысатын жаңа көшеге Әлия Молдағұлова есімі;

      7) Исатай батыр (жаңа атау) көшесінен басталып, Ә.Мантаев көшесімен екінші қиылысатын жаңа көшеге Мәншүк Маметова есімі;

      8) Б.Аймағамбетов көшесімен қиылысып, Ә.Мантаев көшесімен тоғысатын жаңа көшеге Бейімбет Майлин есімі;

      9) Исатай батыр (жаңа атау) көшесімен үшінші қиылысатын жаңа көшеге Жанша Досмұхамедұлы есімі;

      10) Исатай батыр (жаңа атау) көшесімен төртінші қиылысатын жаңа көшеге Жүсіпбек Аймауытұлы есімі;

      11) С.Телемгенов көшесінен басталып, М.Маметова (жаңа атау) көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Темірбек Жүргенов есімі;

      12) Исатай батыр (жаңа атау) көшесінен басталып, Т.Жүргенов (жаңа атау) көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Ілияс Жансүгіров есімі;

      13) Х.Доспанова (жаңа атау) көшесі жанынан басталып, Қ.Жандауов көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Балуан Шолақ есімі;

      14) Ш.Еркешов көшесінен басталып, Қ.Жандауов көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Хиуаз Доспанова есімі;

      15) Қ.Жандауов көшесімен қиылысқан жерден басталатын жаңа көшеге Жұмабек Ташенов есімі;

      16) Ә.Мантаев көшесімен қиылысқан жерден басталатын жаңа көшеге Қабанбай батыр есімі;

      17) Р.Қитаров көшесімен қиылысқан жерден басталатын жаңа көшеге Қобыланды батыр есімі;

      18) Б.Момышұлы көшесімен қиылысқан жерден басталатын жаңа көшеге Райымбек батыр есімі;

      19) №2 нүктеден басталып, №64 нүктеден аяқталатын бірінші қиылысындағы жаңа көшеге Төле би есімі;

      20) №2 нүктеден басталып, №64 нүктеден аяқталатын екінші қиылысындағы жаңа көшеге Қазыбек би есімі;

      21) №2 нүктеден басталып, №64 нүктеден аяқталатын үшінші қиылысындағы жаңа көшеге Әйтеке би есімі;

      22) №2 нүктеден басталып, №64 нүктеден аяқталатын төртінші қиылысындағы жаңа көшеге Бұқар жырау есімі;

      23) Айналма жолдан басталып, "Құлсары" аншлагына дейінгі жаңа көшеге Сұлтан Бейбарыс есімі;

      24) Сұлтан Бейбарыс (жаңа атау) көшесінің бірінші қилысынан басталып, Р.Төлешқалиев көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Рақымжан Қошқарбаев есімі;

      25) Сұлтан Бейбарыс (жаңа атау) көшесінің екінші қилысынан басталып, Р.Төлешқалиев көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Шәкен Айманов есімі;

      26) Сұлтан Бейбарыс (жаңа атау) көшесінің қилысынан басталып, К.Бейсейітова (жаңа атау) көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Фариза Оңғарсынова есімі;

      27) Ш.Жиенқұлова (жаңа атау) көшесінің қиылысынан басталып, Ф.Оңғарсынова (жаңа атау) көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Күләш Байсейітова есімі;

      28) Ж.Мұқтанов көшесінің қиылысынан басталып, теміржолға дейінгі жаңа көшеге Шара Жиенқұлова есімі;

      29) Ж.Мұқтанов көшесінің қиылысынан басталып, К.Байсейітова (жаңа атау) көшесімен қиылысатын жаңа көшеге Дінмұхамед Қонаев есімі;

      30) А.Нұрсейітов көшесінен басталып, №127 үймен аяқталатын жаңа көшеге Әл-Фараби есімі;

      31) А.Нұрсейітов көшесінің қиылысынан басталатын жаңа көшеге Жаяу Мұса есімі;

      32) Жаяу Мұса (жаңа атау) көшесінің қиылысынан басталатын жаңа көшеге Ақан сері есімі;

      33) Әл-Фараби (жаңа атау) көшесінің бірінші қиылысынан басталатын жаңа көшеге Біржан сал есімі;

      34) Әл-Фараби (жаңа атау) көшесінің екінші қиылысынан басталатын жаңа көшеге Нұрғиса Тілендиев есімі;

      35) Әл-Фараби (жаңа атау) көшесінің үшінші қиылысынан басталатын жаңа көшеге Алпамыс батыр есімі.

      2. Доссор кентіндегі бұрыннан қалыптасқан құрамдас бөліктерінің келесі атаулары қайта аталсын:

      1) Ғалия Сүлейменова;

      2) Қадым Жандауов;

      3) Сабытай Телемгенов;

      4) Әмірхан Мантаев;

      5) Хакім Исақов;

      6) Бержан Қанатбаев;

      7) Нұр Құсайынов;

      8) Рамазан Төлешқалиев;

      9) Хансұлтан Аухатов;

      10) Жұмағали Мұқтанов;

      11) Боран Аймағамбетов;

      12) Ораз Сарғұнанов;

      13) Қайырғали Жылқышиев;

      14) Шәли Еркешов;

      15) Шөкен Исанов;

      16) Қадірбай Кериков;

      17) Қуаныш Құдабаев;

      18) Әмірбай Оразов;

      19) Тәжібай Текеев;

      20) Салахаден Биғалиев;

      21) Ғабдыхалық Сағытжанов;

      22) Махамбет;

      23) Бауыржан Момышұлы;

      24) Мұстафа Шоқай;

      25) Құрманғазы;

      26) Ғарифолла Құрманғалиев;

      27) Рзағали Қитаров;

      28) Оспан Шаримов;

      29) Бисенғали Даулетбаев;

      30) Құбай Сейітов;

      31) Жетпіс Ботабайұлы;

      32) Ақмұқан Нұрсейітов;

      33) Бірлік шағын ауданы;

      34) Ынтымақ шағын ауданы.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімі Б. Ермеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады