Құрманғазы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 175 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 шілдеде № 4704 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 03.03.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұсынылып отырған Құрманғазы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 415 "Құрманғазы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3961 болып тіркелген, 2017 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Г. Кубаева) жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Нуртаев

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 шілдесі № 175 қосымша

Құрманғазы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы айына (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ата-ана төлемақысының мөлшері айына (теңге)

Жергілікті бюджет есебінен

Балабақша

Күніне бір баланың тамағына шығындары, (көп емес) теңге

Айына бір баланың тамағына шығындары, (көп емес) теңге

Бөбек жай

Бақша

Бөбек жай

Бақша

1802

61830

300

350

6000

7000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады