Түркістан облысында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 78 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 3 суәірде № 5542 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 266 "Оңтүстік Қазақстан облысында діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі № 2112, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 24 қазанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

      "Түркістан облысында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"______ №____қаулысына

  Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі № 78
қаулысына қосымша

Түркістан облысында дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың тізімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.11.2021 № 263 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Арнайы тұрақты үй-жайдың атауы

Арнайы тұрақты үй-жайдың орналасқан жері

Түркістан қаласы

1.

"JAMAGAT" дүкені

Тәуке хан даңғылы, № 247е

2.

"King’s school" дүкені

Тәуке хан даңғылы, № 162

3.

"Amina" дүкені

Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы, № 14 құрылыс "Караван-сарай" сауда ойын-сауық орталығы

4.

"Amina" дүкені

Әмір-Темір көшесі, № 7 Е (Арбат)

5.

"Amina" дүкені

Түркістан қаласы, Шаға ауылдық округі, № 104 орам, № 1404 құрылыс, Түркістан қаласының халықаралық әуежайы

Сарыағаш ауданы

6.

"Хадиша" дүкені

Сарыағаш қаласы, Б. Ермеков көшесі № 3, "Алып" сауда қалашығы

7.

"Нұр-береке" дүкені

Сарыағаш қаласы, Б. Ермеков көшесі № 3, Алып" сауда қалашығы

8.

"Раян" дүкені

Құркелес ауылдық округі, Абай көшесі № 33/2

Келес ауданы

9.

"Аззие" дүкені

Абай ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 103

Жетісай ауданы

10.

"Әсем" базары

Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, № 22/2

Отырар ауданы

11.

"Арыстан баб" кесенесінің қақпасындағы жайма

Қоғам елді мекені, Ұ. Арғынбеков көшесі, "Арыстан баб" кесенесі

Сайрам ауданы

12.

"Ықылас" дүкені

Ақсукент ауылы, Жібек Жолы көшесі, № 6

Шардара ауданы

13.

"Алғи" дүкені

Шардара қаласы, Төле би көшесі, № 24/2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады