Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 мамырдағы № 187 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 21 мамырда № 5629 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан филиалына Батыс су жинаушы коллекторы үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Алынып тасталды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 20.09.2022 № 553 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Алынып тасталды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 20.09.2022 № 553 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Дәрібайға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қаласының әкімі М. Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 20 мамырдағы
№ 187 қаулысы қаулысына
қосымша

      Батыс су жинаушы коллекторы үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері

Жер учаскесінің орналасқан жері

қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

соның ішінде

ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

оның ішінде



егістік

оның ішінде

көп жылдық екпелер

шабындық

жайылым

Өзге жерлер

Орман қоры жері

суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Байырқұм ауылдық округі

50,97

30,09

-

-

-

-

30,09

1,01

19,87


Барлығы

50,97

30,09

-

-

-

-

30,09

1,01

19,87


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады