2020 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 11 мамырдағы № 116 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 12 мамырда № 5611 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2020 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 27 "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4894 тіркелген, 2019 жылғы 1 ақпанда "Қазығұрт тынысы" газетінде және 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Қалымбетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Телгараев

  Қазығұрт ауданы
әкімдігінің 2020 жылғы
11 мамырдағы № 116
қаулысына қосымша

2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Бір тәрбиеленушіге бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (арнайы мектепке дейінгі ұйымдарды қоспағанда)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мектепке дейінгі ұйымдар

арнайы мектепке дейінгі ұйымдар

күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

мемлекеттік

жеке меншік

1870

7140

30704,0

22809,0

48258,0

531,01

694,93


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады